Ақтөбе мен Қостанайдағы су айдау жұмыстарына ТЖМ әскери қызметшілері көмекке келді
27.03.2024 00:39
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Ақтөбе мен Қостанай облыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі 20982 әскери бөлімінің қызметшілері мен техникалары жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведмоство мәліметінше, Ақтөбе облысының Шұбарқұдық кентіндегі жағдай тұрақты. 150-ден астам адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта жеке аулалардың жекелеген учаскелерінде су айдау жүргізілуде. Көмек көрсету үшін ауданға ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшлері және арнайы техникасы жіберілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Ал ТЖМ 52859 әскери бөлімінің сарбаздары Қарағанды қаласынан Қостанай облысы Арқалық қаласына, Северный кентіне келді. Әскери қызметшілер су тасқыны жағдайында көмек көрсетуге кірісті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

