12 желтоқсанда сағат 19:15-ден бастап Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Оған ауа райының қолайсыздығын себеп болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Ақтөбедегі “Самара-Шымкент” республикалық автожолының 526-702 шақырым аралығындағы (БҚО шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Сондай-ақ “Самара-Шымкент” республикалық автожолының 266-526 шақырым аралығындағы (Подстепное ауылынан Ақтөбе шекарасына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
13 желтоқсан сағат 06:00-де жолдар ашылады деп жоспарланып отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

