instagram/mangystau_oblysynyn_akimdigi

Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан әзербайжандықтардың қарызы кешіріледі

08.01.2025 14:06

Әзербайжанның банктері мен банктік емес несие ұйымдары 25 желтоқсанда AZAL әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқан азаматтардың несиелік міндеттемелерін есептен шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шешім қаза болғандардың отбасыларына қолдау үшін қабылданған. Ұшақ апатынан зардап шеккендердің несиелік міндеттемелері банктер мен ББҰ-ның жеке қаражаты есебінен өтеледі.

Айта кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы ұшырап, 38 адам мерт болды.  Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған.