Жаңалықтар

Ақтаудағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты

Ақтаудағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты
Фото: Үкімет 25.12.2024 21:08 276

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines ұшағында 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың арасында: 6 Қазақстан азаматы, 42 Әзірбайжан азаматы, 3 Қырғызстан азаматы, 16 Ресей азаматы. Экипаж мүшелерінің барлығы Әзірбайжан азаматтары.

Табылған адам денелері нашар жағдайда, көбісі күйіп кеткен, барлық мүрде жиналды, енді мәйітханада олардың жеке бастары анықталады. Тірі қалған 29 адам, оның ішінде екі бала бар, қазір зардап шеккендер ауруханада. Олардың ішінде 11 адамның жағдайы тұрақты ауыр, қалғандарының жағдайы орташа, — деп бағалады Қанат Бозымбаев. 

Ұшақ бортында болған қазақстандықтардың ешбірі тірі қалмаған.

Өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін тірі қалғандар туралы… әзірге, кім екені анықталмаған әйел бар. Ол ес-түссіз, құжаты да жоқ, ауруханада жатыр. Қалған 29 (тірі қалғандар) адамның арасында бірде-бір қазақстандық жоқ, жалпы 6 қазақстандық адам болды, оның ішінде екі бала бар, — дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға