Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан 7 адамның кім екені анықталды
Мөлдір Қайнар тілші
Ақтауда 25 желтоқсанда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағын бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға салдарын жоюға 306 адам, 101 техника, 2 әуе кемесі және 6 кинологиялық есептоп жұмылдырылған. ТЖМ мәліметінше, кеше авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Ақтау медициналық мекемелеріне 29 адам, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған бала құтқарылып, ауруханаға жатқызылған.
38 мәйіті табылды, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілді, олардың ішінде 6 Қазақстан азаматы және 3 экипаж мүшесі бар. 7 адамның денесі анықталды. Сонымен қатар кеше іздеу тобының нәтижесінде ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты. Оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Ақтауда апаттың себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Жедел желі телефондарына шұғыл психологиялық көмек және ақпараттық сипаттағы 1063 өтініш түсті.

