ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтаудағы «Caspi Bitum» кәсіпорнында өрт шықты

06.09.2025 19:43

Ақтауда битум өндіретін «Caspi Bitum» ЖШС-нің өндіріс аумағында төтенше оқиға тіркелді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Otpannews.kz-тің жазуынша, бүгін сағат 08:05-те «Caspi Bitum» ЖШС-де атмосфералық колоннаға апаратын құбырда өрт шыққан. 

Өрт ошағы сағат 08:32-де зауыттың стационарлық өрт сөндіру жүйесінің көмегімен толықтай сөндірілді. Локализация жұмыстарына «Семсер-Өрт Сөндіруші» ЖШС бригадалары мен ТЖД-ның қалалық өрт сөндіру қызметі қатысты, - деп жазылған ақпартта. 

Аталған оқиғадан ардап шеккендер тіркелмеген.