Жаңалықтар

Ақтауда жылжымалы зообақ иесі жауапқа тартылды

Ақтауда жылжымалы зообақ иесі жауапқа тартылды
Фото: lada.kz 22.12.2024 20:31 155

Ақтауда жылжымалы хайуанаттар бағының иесі жауапкершілікке тартылды. Еріктілер екі апта бойы зообақ иесінің қызметін тоқтатуға тырысқан, деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Олардың айтуынша, жануарларға мүлдем жағдай жасалмаған. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде, хайуанаттардың ветеринариялық анықтамалары мен төлқұжаттары бар екендігі және оларға вакцина егілгені анықталған.

Өз құзыреті шеңберінде мамандар заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ, – деп хабарлады ведомство.

Ал облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясындағылар жануарларға жауапты қарау туралы заңнаманы бұзғаны үшін (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2-бабы) кәсіпкерге 30 АЕК-ке дейін (110 760 теңге) айыппұл салынатынын айтқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға