Жаңалықтар

Ақтауда жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталуда

Ақтауда жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталуда
Фото: GOV.KZ 08.10.2024 11:21 383

Маңғыстау облысының жылу беру маусымына дайындығы туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ол қазіргі уақытта барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бойынша жылу беру маусымына дайындық 100% аяқталғанын хабарлады. Сондай-ақ барлық қазандықтар, сумен және электрмен жабдықтау желілері дайындалды.

Ақтау қаласы бойынша тозу көрсеткіші жоғары 11,5 км жылу желілерін реконструкциялау бойынша жұмыс аяқталып қалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 5 участкеге бөлінді. Оның 4 участкесі бойынша жұмыс аяқталып, сумен толтыру жұмыстары жүргізілуде, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Әкімдіктің мәліметінше, аталған мақсаттағы жұмыстарға 2024 жылы 17 млрд теңге бөлінген. Үкімет жобаны іске асыруға резервтен қосымша 5 млрд теңге бөлді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға