Жаңалықтар

Ақтауда жолаушы автобус жүргізушісін ұрған

Ақтауда жолаушы автобус жүргізушісін ұрған
Фото: Aktau Lada/видеодан алынған кадр 09.07.2024 23:30 1119

Ақтауда жолаушы ешбір себепсіз қоғамдық көлік жүргізушісінің бетінен ұрған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Lada.kz мәліметінше, оқиға 9 шілде күні болған.  

Жүргізуші медициналық тексерістен өтті. Жолаушы автобус ішінде балағат сөздер айтып, өзін ерсі ұстаған. Кондуктордың ескертпесінен соң, соған тиісе бастаған. Аяқ астынан жүргізушінің жанына барып, оны ұрды. Камерадан жүргізушінің оған мүлде ескерту жасамағынан көрдік. Мұның бәрі аялдамада болған, егер қозғалыс кезінде болса, Алматыдағы жағдай қайталанушы еді, – деді №2 автобус бағытының иесі Руслан Ахметнәбиев.

Полиция көлік жүргізушісін ұрған ер адам іздестіріліп жатқанын алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға