Жаңалықтар

Ақтауда жол апатынан зардап шеккен сатушының жағдайы белгілі болды

Ақтауда жол апатынан зардап шеккен сатушының жағдайы белгілі болды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 21.11.2024 01:29 243

Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі 2005 жылы туған қыз баланың ауруханаға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kzке сілтеме жасап. 

Ол облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Хирург, травматолог, нейрохирург дәрігерлер науқасты қарап, тексерді. 

Науқастың 2, 3, 4-бел омыртқасының қылқанды өсіндісі сынған. Операция жасалмайды. Консервативті ем көрсетіліп жатыр, - деп хабарлады ауруханадан.

Айта кетейік, бүгін, 20 қарашада 27 шағынаудан 3-үйге қарсы тас жолда мемлекеттік белгісі 521 "Ниссан Тиана" автокөлігінің жүргізушісі денсаулығы сыр беріп, 4-үйдің алдында тұрған дүкенге соғылды. Соққы салдарынан дүкеннің сатушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген болатын. Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жүргізушінің автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға