Ақтаудағы 6656 әскери бөлімі 21 шілде күні із-түссіз кеткен сарбаздың табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
20-шілде күні 6656 әскери бөлімінде жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтеді. 21-шілде күні жас сарбаздар қаланы аралауға өздерінің ата-аналарымен бірге кешкі сағат 18.00-ге дейін жіберілген.
21-шілде күні белгіленген уақытта (сағат 18.00-де) жас сарбаздарды тексеру барысында Ақтөбе облысынан шақыртылған сарбаздың әскери бөлімге қайта келмегені анықталды. Қатардағы жауынгерді іздестіру шаралары жүргізілді. Қазіргі таңда сарбаз әскери бөлімге оралды, - деді 6656 бөлімінің өкілі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

