Жаңалықтар

Ақтауда жер сілкінді

Ақтауда жер сілкінді
Фото: © Shutterstock.com 04.07.2023 10:00 1078

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық станциялар желісі 4 шілде күні сағат 02.02-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2232 шақырым жерде, Каспий теңізінің аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты – 14.2. MPV магнитудасы – 5.8. Тереңдігі – 70 км. Эпиошақ координаттары – 42.29° с.е. 49.89° ш.б.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу: Ақтау қаласында 2-3 балл.

Айта кетейік, 4 шілде күні сағат 00.01-де Әзербайжанның сейсмология қызметтері 5,7 магнитудасымен жер сілкінісін тіркеді. Каспий теңізінде қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты тербелесін Әзербайжанның жекелеген аудандары, соның ішінде Баку тұрғындары сезінді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға