Жаңалықтар

Ақтауда жастарға арналған бос жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Ақтауда жастарға арналған бос жұмыс жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Фото: © Pixabay.com 15.07.2023 15:57 987

Ақтауда «Жастарға жұмыс: бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Шара аясында 50-ге жуық шағын, орта және ірі кәсіпорын иелері тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдегі қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінде, АMANAT партиясы «Жастар Рухы» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Абзал Марат бұл шара 14 пен 35 жас аралығындағы жұмыссыз азаматтарға қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылғанын атаған. 

Еңбек нарығы мемлекетіміздің әлеуметтік әлеуетіне тікелей әсер ететін салалардың бірі. Аталған шара бүкіл еліміз бойынша өткізілуде. Тұрғындарды толық ақпаратпен қамту мақсатында әлеуметтік желілерде таргет жүйесін қолдандық. Іс-шара нәтижесінде кей салалардағы кадр тапшылығы шешіледі деген ойдамын,- деді ол.

Маңғыстау облысының 109 - бірыңғай байланыс орталығының жетекшісі Нұргүл Жеткізгенова мекемеге оператор мамандардың керектігін айтып отыр. 

Бүгін 14:00-ден бастап өңір тұрғындары жиналды. Біз қойған талаптарға сәйкес, азаматтар өз түйіндемелерін тапсырып кетіп жатыр. Біздің орталыққа жұмысқа тұрғысы келетін жандардың екі тілді білуі шарт. Сондай-ақ облыс халқы маңызды ақпараттарды mangystau109 Instagram парақшасынан көре алады, - деді Нұргүл Жеткізгенова.

Сонымен қатар, жұмыс берушілер жұмысшы мамандық иелерінің тапшы екенін айтады. Сондай-ақ, IT мамандар мен дәрігерлер, мәдениет саласының мамандары аса қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға