Lada.kz/Cергей Кораблёв

Ақтауда жасанды пальмалар «солып қалды»

Жасанды бұтақтардың көпшілігі түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Lada.kz мәліметінше, биыл пальмалар жылдағыдай оралмаған, қатты желден жапырақтардың бөлшектері түсіп қалған.

Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы бөліміндегілер қаланы абаттандырумен айналысатын компания анықталмағанын алға тартады.

Бұл мәселе қарастырылады. Жапырақтар мердігер ұйымды анықтағаннан кейін қалпына келтіріледі, - деді шенеуніктер.

Естеріңізге сала кетейік, жасанды пальмалар жағалауда 2019 жылы пайда болған.