Әлеуметтік желіден

Ақтауда жас жігіт 6-қабаттан секіріп кеткен

03.05.2023 23:07

Ақтаудағы 4 шағын ауданда бозбала 6-қабаттан секіріп көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға 2 мамыр күні сағат 7:20 шамасында болған.

Полиция жас жігіттің 6-қабаттан құлап қайтыс болғанын растады.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды. Жас жігіт 6-қабаттан секіріп кеткен. Өзге ақпарат жариялануға жатпайды, - делінген облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Расталмаған ақпарат бойынша, қайтыс болған жігіттің жасы 16-да болған.