Ақтау қаласының әкімдігі

Ақтауда жаңбырдан кейін қала көшелерін су басты

Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері автомобиль жолдарында жиналған жаңбыр суын сорып алу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі таңда мына мекен-жайларда су алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

- 17 ш/а “Грин Плаза” ТҮК маңы;
- 34 ш/а Қан орталығы маңы;
- 30 ш/а “Олжа” СО маңы;
- 30-32 ш/а қиылысы;
- 32 Б-31 Б ш/а аралығы;
- 16 ш/а “Инара” ТҮК маңы;
- 17 ш/а “Халық арена” СК маңы;
- 31 ш/а “Мағаш” базарының аумағы;
- 31 ш/а “Хазар базар” маңы;
- 12 ш/а 59 үй маңындағы автомобиль жолы;
- 31 А-32 А ш/а қиылысындағы авто жол.

Бұл жұмыстарға 13 қызметкер, 12 су сорғыш мотопомпа және арнайы 4 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 350 м³ жаңбыр суы алынды. 

Аталған жұмыстар қала аумағында тәулік бойы жалғаспақ.