Жаңалықтар

Ақтауда жабық көлік тұрақтарында рейд жүргізілді

Ақтауда жабық көлік тұрақтарында рейд жүргізілді
17.10.2023 19:13 679

Ақтауда қалалық полиция басқармасы мен қалалық төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері бірлесіп, шаһардағы көпқабатты тұрғын-үйлер астындағы көлік тұрақтарында өрт қауіпсіздігі бойынша рейд жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шара барысында мамандар көлік жүргізушілеріне көпқабатты тұрғын үй кешендерінің жертөлесінде орналасқан автотұрақтардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Аталған жұмыстар қала аумағында 14 көпқабатты тұрғын үйде жүргізілді. Жыл басынан бері қалада өрт қауіпсіздігі бойынша 12 рейдтік іс-шара ұйымдастырылған.

Шараның басты мақсаты - қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өрттің алдын-алу оны сөндіруден әлдеқайда оңай. Сондықтан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, мүлкіңізді қорғау қажет, - деді Ақтау қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерлан Отаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға