Жаңалықтар

Ақтауда ТЖД қызметкерлері марапатталды

Ақтауда ТЖД қызметкерлері марапатталды
Фото: instagram.com/mangystau_tjd 30.08.2023 15:29 840

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай іс-шара өткізді. Ерекше көзге түскен қызметкерлерді Министрліктің және Департаменттің ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Департамент бастығы полковник М.С. Мұханов ҚР Төтенше жағдайлар министрі С.Д. Шәріпхановтың бұйрығына сәйкес қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге байланысты Департаменттің 6 қызметкеріне Қазақстан Республикасы ТЖМ медальін, грамоталары және алғыс хаттары табысталды. Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі Г. Умаровқа мерзімінен бұрын "азаматтық қорғау подполковнигі" басшы құрамының арнайы атағы берілді. Сондай-ақ І, ІІ және ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медальдарымен Департаменттің 9 қызметкері және әскери қызметшілері марапатталды.

Марапатталғандардың арасында Маңғыстау облысы білім басқармасының облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы, Туризм - өлкетану бөлімінің әдіскері Тегісбаев Мұстафа Қыдырғалиұлы болды. Ол биыл 17 шілдеде Форт-Шевченко қаласының жағасынан 100 метр қашықтықта суға батып бара жатқан 2012 жылы туған баланы  құтқарды. Мұстафа Қыдырғалиұлы Департамент бастығының алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға