Ақтауда түркітілдес елдердің арасында боччадан халықаралық турнир өтті
Ақтауда түркітілдес елдердің арасында боччадан халықаралық турнирдің жабылу салтанаты өтті, деп жазады El.kz интернет порталы.
Салтанатты іс-шараға Маңғыстау облыстық «Бочча» паралимпиадалық спорт түрі федерациясының президенті Жаңбырбай Матаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев және спортшылар қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев өңір басшысының алғыс хатымен бірқатар азаматтарды марапаттады. Турнирдің басты мақсаты - түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени және спорттық ынтымақтастықты нығайту, паралимпиадалық қозғалысты дамыту арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы белсенділігін арттыру.
Бұл турнир түркітілдес мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықтың белгісі. Өңір басшысы Нұрдәулет Игілікұлы осы турнирге өзі қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Барша қатысушылардың тек халықаралық қана емес, әлемдік додалардың жеңімпазы болуына тілекшіміз. Спортшыларға алғысымызды білдіреміз, - деді Аббат Өрісбаев.
Сондай-ақ, жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.
«BC1» санаты бойынша ерлер арасындағы жеке сайыс бойынша
І орын - Nariman Priguliyev(Әзербайжан)
ІІ орын - Meiirbek Urazbek(Қазақстан)
ІІІ орын - Kuanysh Askarbekov(Қазақстан)
«BC1» әйелдер арасындағы үздік спортшылар
І орын - Ingkar Abitay(Қазақстан)
ІІ орын - Aidana Amangeldi(Қазақстан)
ІІІ орын - Khayotkhon Khafizova(Өзбекстан)
«BC2» санаты бойынша ерлер арасында
І орын - Orkhan Karimov(Әзербайжан)
ІІ орын - Nizomiddin Khayriddinov(Өзбекстан)
ІІІ орын - Javokhirbek Alibekov(Өзбекстан)
«BC2» санаты бойынша әйелдер арасында
І орын - Sona Aghayeva(Әзербайжан)
ІІ орын - Khalima Koshbay(Қазақстан)
ІІІ орын - Nargyz Koptleuova(Қазақстан)
«BC3» санаты бойынша ерлер арасында
І орын - Dauren Kossybay(Қазақстан)
ІІ орын - Okan Cihan(Түркия)
ІІІ орын - Khudashikur Yakubov(Өзбекстан)
«BC3» санаты бойынша әйелдер арасында
І орын - Rabianur Boyraz(Түркия)
ІІ орын - Yenglik Saiyn(Қазақстан)
«BC4» санаты бойынша ерлер арасында
І орын- Zaur Veysalov(Әзербайжан)
ІІ орын - Bahruz Mirzayev(Әзербайжан)
ІІІ орын - Bektur Ashimov(Қырғызстан)
«BC4» санаты бойынша әйелдер арасында
І орын - Rzazada Gunel(Әзербайжан)
ІІ орын - Lunara Taubaldiyeva(Қазақстан)
ІІІ орын - Aigerim Tanysbayeva(Қазақстан)
«BC3» санаты бойынша жұптық жарыс ерлер арасында
І орын - Rabianur Boyraz, Okan Cihan(Түркия)
ІІ орын - Yenglik Saiyn, Dauren Kossybay(Қазақстан)
«BC4» санаты бойынша жұптық жарыс әйелдер арасында
І орын - Rzazada Gunel, Zaur Veysalov(Әзербайжан)
ІІ орын - Aigerim Tanysbayeva, Tattimbet Tengelgenov(Қазақстан)
«BC1/ BC2» санаты бойынша топтық жарыс
І орын - Sona Aghayeva, Nariman Priguliyev, Orkhan Karimov(Әзербайжан)
ІІ орын - Kuanysh Askarbekov, Khalima Koshbay, Azamat Amansha(Қазақстан)
ІІІ орын - Khayotkhon Khafizova , Nizomiddin Khayriddinov, Javokhirbek Alibekov(Өзбекстан)

