instagram.com/korkutata.kz

Ақтауда түркі елдерінің V «Қорқыт ата» кинофестивалі өтеді

12.09.2025 10:00

2025 жылғы 1-5 қазан аралығында Ақтау қаласында түркі әлемінің басты мәдени оқиғаларының бірі – «Қорқыт ата» V кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Фестивальге Әзербайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен ресми делегациялар қатысады.

Бағдарлама аясында:

- Салтанатты ашылу рәсімі мен қызыл жол;

- Байқаулық және байқаудан тыс фильмдердің көрсетілімдері;

- «Достық үйінде» халықаралық киносаммит;

- Киноөнер шеберлерімен шығармашылық кездесулер;

- Маңғыстаудың киелі орындарына таныстыру сапары ұйымдастырылады.

Фестиваль 4 қазанда жабылу және марапаттау салтанатымен қорытындыланады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қорқыт ата | Халықаралық кинофестиваль (@korkutata.kz)