Ақтауда тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен 48 жастағы әйел мерт болды
03.07.2023 10:15
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Ақтауда 8-шағынаудандағы көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған 48 жастағы әйел қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2 шілде сағат 13:00 шамасында 102 кезекші пультіне әйелдің 8-шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінің 9-қабатынан секіргені туралы шақыру түскен.
Жедел тергеу тобы шақыруға барды. Оқиға орнынан тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен 48 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді делінген баспасөз мәліметінде.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

