Ақтауда теңіз жағалауындағы туристік компания орнатқан шатырды белгісіз біреулер өртеп жіберді
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
03.09.2023 14:51
704
Жағалаудағы панажайды белгісіз біреулер өртеп жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Маусым айында “Голубая логуна” жағажайында туркомпания өз қаражатына шатыр салған болатын. Алайда оны белгісіз біреулер араға уақыт салып от қойған.
Бюджетімізден ақша бөліп, саяхаттаршыларымыз және сол жағажайда демалатын басқа адамдар үшін шатыр орнаттық. Ол нысан 31 тамызға дейін өте ұзақ және жақсы қызмет етті. Өкінішке қарай, бұл шатыр енді жоқ, өйткені белгісіз адамдар оны өртеп жібергендіктен тек күл ғана қалды. «Халық үшін жақсылық жасағың келсе де, әдеттегідей болды» деген осындай жағдай шығар, - дейді нысанды өз қаржысына орнатқандар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды