Жаңалықтар

Ақтауда суға батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды

Ақтауда суға батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды
Фото: pexels 26.08.2024 10:56 438

Ақтауда суға батып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқару тобы жігіттің денесін бүгін Солдат жағажайынан тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді.

Іздеу жұмыстары барысында жігіттің денесі екі метр тереңнен, Солдат жағажайы маңындағы жағадан 300 метр қашықтан табылды, - деді аймақ ТЖД өкілдері.

Қайғылы оқиға кеше кешке болған еді. Каспий теңізі жағалауындағы Солдат жағажайы маңында 2006 жылы туған жігіт суға батып кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға