Жаңалықтар

Ақтауда спортшы қызды зорлап, өлтірген күдікті сотталды

Ақтауда спортшы қызды зорлап, өлтірген күдікті сотталды
Фото: іnstagram.com/shalnovskiii 05.03.2024 13:17 2088

Ақтауда 21 жастағы Валерия Шалнованы зорлап, өлтірген күдіктіге сот үкім кесті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты сотталушыны 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды.

Қайтыс болған қыздың туыстарының айтуынша, айыпталушы өз кінәсін ақыры мойындамаған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 21 жастағы ақтаулық спортшы қыздың денесі былтыр 2 шілдеде табылған болатын. Марқұмның туыстары Валерия Шальнова суицид жасады дегенге сенбеген. Қоғамдық наразылықтан кейін полиция бұл істі «Кісі өлтіру» деп өзгертті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға