Жаңалықтар

Ақтауда салынып жатқан ғимараттың бір қабаты опырылып түсті

Ақтауда салынып жатқан ғимараттың бір қабаты опырылып түсті
Фото: Видеодан кадр 06.09.2023 12:25 626

Ақтауда салынып жатқан үйдің бір қабаты опырылып түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде салынып жатқан үйдің ішінде бүтін бір қабаттың опырылып түскені туралы видео тарады. Аталған жайтты видеоға түсіріп алған құрылысшы өзінің аман қалғанын айтқан. Айтуынша, үй плиталары құлаған кезде ол шығып үлгерген екен. Ер адам үйінді астында оның құжаттары мен заттары қалғанын айтады.

Құлаған тұрғын үй 29А шағын ауданында орналасқан. Ал оның мердігері - "Caspian Mega Construction" компаниясы.

Облыс әкімдігі ғимаратта плиталардың құлауына қатысты түсініктеме берді.

“Тексеру барысында облыстың бас мемлекеттік құрылыс инспекторы құрылыс-монтаж жұмыстарының, құрылыс материалдарының,  конструкциялары мен жабдықтарының жобалық шешімдер мен мемлекеттік нормативтерге сәйкестігіне тексеру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл ғимараттардың беріктігін, тұрақтылығын, тірек және қоршау құрылымдарының сенімділігін және пайдалану сапасын қамтамасыз етуге қатысты. Плитада көлденең немесе қиғаш жарықшақ болғандықтан, ол құлады. Жоғарғы тақтайшаның құлауы төменгі тақталарды құлатты", – деп түсіндірді басқарма.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға