Ақтауда қоқыстан аралас жекпе-жек шеберінің денесі табылды
23.09.2024 04:32
Фото:
©El.kz
Ақтаудағы 3-шағын ауданда аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыс контейнерлерінің жанынан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде аралас жекпе-жек шебері Вусал Джафаровтың суреті тарады. Оның денесі бұзылып, әбден ісіп, қарайып кеткен. Полиция департаменті мәйіттің 20 қыркүйекте табылғанын растады.
«Ер адамның мәйітін табу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу жалғасып жатыр», - деп жауап берді департамент.
Әлеуметтік желі қолданушылары Вусал Джафаровты ұрып-соғып, денесі бірнеше күн көшеде жатып қалғанын хабарлады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

