Жаңалықтар

Ақтауда Президенттің Іс Басқармасының медициналық орталығығымен меморандум жасалды

Ақтауда Президенттің Іс Басқармасының медициналық орталығығымен меморандум жасалды
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі 11.11.2023 10:18 858

Ақтауда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев және ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту бойынша қызметтерді алуға, ал қажет болғанда жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, ортақ келісім нәтижесінде өңірдің медициналық мекеме қызметкерлерін оқыту, аурулардың алдын алу, диагностикалау, жаңа медициналық технологиялар мен инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы мұндай іс-шаралар жергілікті ауруханалар мамандарының біліктілік деңгейін арттыруға көмектесетінін, ал өңір азаматтары үшін қолжетімді, әрі сапалы медициналық көмек алуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

Медициналық орталық қызметінің аясында білім беру, ғылыми зерттеулер, санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында инновациялық әдістерді іздеу және енгізу сияқты түрлі жобалар іске асырылуда. Бүгінгі қол қойылған Меморандум шеңберінде облыс әкімдігімен бірлесіп, жол картасы әзірленетін болады. Оның негізінде біз бірнеше жыл бойы өңірде денсаулық сақтауды дамыту бойынша белгіленген жоспарларды іске асыратын боламыз,- деп Алексей Цой өз жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, өңір басшысы президенттің Маңғыстау облысына іссапары кезінде кадр тапшылығы мәселесіне қатысты берілген тапсырмаларын іске асыру барысында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Мамандар тапшылығын жою мақсатында 2023 жылға 198 облыс әкімі гранты бөлінді. Оның ішінде  68 бакалаврға, 97 интернатураға, резидентураға 33 грант бөлінді. Жас мамандарға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 

Облыстық мәслихат шешіміміен жергілікті бюджет есебінен 70 млн. тенге көлемінде қаражат бөлінді. Ауылдық жерге келетін дәрігер мамандарға 1,5 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 6-10 қараша аралығында Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында нейрохирург, уролог, травматолог сияқты 28 жетекші маманнан құралаған дәрігерлер тобы ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аясында практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуде. Төрт күн ішінде дәрігерлер 60-тан астам тұрғынға кеңес беріп, оннан астам күрделі ота жасады. Олар сондай-ақ медициналық мекемелердің 200-ден астам қатысушыларына практикалық сабақтар, мастер-класстар, презентациялар мен дәрістер өткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға