Ақтауда полицейлер өрт шыққан пәтерден әйелді құтқарып қалды
17.05.2025 21:11
Фото:
Polisia.kz
17 мамыр сағат 00:40 шамасында жедел басқару орталығына Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, куәгерлер көмек сұраған айқайдың естілгенін де айтқан.
Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция капитаны М.Оразбай мен лейтенант С.Бекниязов пәтердің есігі ішінен құлыпталғанын анықтады. Жағдайды жедел бағамдаған олар есік маңынан кілтті тауып, ішке кіріп, әлсіз күйде жатқан әйел адамды көрді. Содан бірден жедел жәрдем шақырды.
Медицина қызметкерлері келгенге дейін полицейлер алғашқы көмек көрсетіп, әйелді қауіпсіз жерге шығарды. Зардап шеккен әйел облыстық ауруханаға жеткізілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

