Ақтауда отшашу кезінде көпқабатты үйден өрт шықты
01.01.2025 02:23
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Ақтауда Жаңа жыл түнінде отшашу салдарынан пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға қаладағы шағын аудандардың бірінде тіркелген. Желіде таралған бейнежазбада көпқабатты үйдің ауласында балалардың бірі отшашу кезінде абайсызда үйге бағыттаған. Соның салдарынан балконға ұшқан шоқ жарылып, соңы жалынға ұласты.
Аталған жағдайға қатысты әзірге жергілікті ТЖД ақпарат таратқан жоқ. Бұған дейін қаладағы 7 шағын аудандағы жасанды пальма Жаңа жыл түнінде өртенген еді. Төтенше жағдайдан кейін өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап, өртті сөндірді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

