Ақтауда өрт салдарынан 10 қабатты үйдің қасбеті өртеніп кетті
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
29.08.2024 10:46
428
Ақтауда өрт салдарынан 10 қабатты үйдің қасбеті өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтау әкімдігі 29 тамызда таңғы сағат 6:02-де 10 қабатты Otyrar city тұрғын үй кешенінің өртенгенін хабарлады. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, үйдің артқы жағындағы сыртқы қаптамада өрт шыққан. Алайда жалын пәтерлерді шарпымаған.
Өрт сағат 6:10-да сөндірілді. Өрт сөндірушілер келгенше 60 тұрғын үйден шығып үлгерді, тағы 15 адам, оның ішінде сегіз бала эвакуацияланды.
Әкімдік Otyrar city тұрғын үй кешенін К7 group құрылыс компаниясы қалпына келтіретінін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға