Ақтауда «Made IN UZBEKISTAN» көрме-жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті
22.03.2025 19:42
Фото:
Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі
Наурыз Ұлыстың ұлы күнінде Ақтау қаласында Өзбекстан Республикасы өнімдерінің кезекті көрме-жәрмеңкесі – «Made IN UZBEKISTAN»- ның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәрмеңкеде 60-тан астам өзбек кәсіпкерлері тауарлардың кең ассортиментін ұсынды. Атап айтсақ, жаңа піскен жемістер мен көкөністер, кептірілген жемістер, сүт және консервіленген өнімдер, кондитерлік өнімдер, тоқыма бұйымдары, сондай-ақ құрылыс материалдары, жиһаз, электротехника, қолөнер бұйымдары, кілемдер мен кәдесыйлар болды.
Айта кетейік, өңір тұрғындары сапалы тауарларды тікелей өндірушілерден қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңке «Caspian Oil City» Көрме орталығында 25 наурызға дейін жалғасады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

