Маңғыстау облысының полиция департаменті 2 наурыз күні Ақтауда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Облыстық ПД хабарлауынша, оқу-жаттығулар қала әкімдігінің ауданында (4 шағын аудан) өтеді.
Оларды өткізу кезеңінде шектеулер қарастырылады. Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын ішінара шектеу мүмкін.
Шара аса маңызды мемлекеттік объектілерде лаңкестік қауіп төнген кезде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында өткізіледі.
"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарап, құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп, сабырлық сақтауларыңызды сұраймыз", - делінген облыстың ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлихан Смайылов Қытайдың Қазақстандағы Елшісімен кездесті
Келесі жаңалық
Маңғыстау облысында бірқатар әлеуметтік нысан салынып жатыр