Жаңалықтар

Ақтауда КЖСА сатып алу кезінде 200 млн теңгені артық төлемек болған

Ақтауда КЖСА сатып алу кезінде 200 млн теңгені артық төлемек болған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 26.12.2023 20:19 795

Маңғыстауда антикор еріктілері 200 млн теңге көлемінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл өңірде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында 120-дан аса ерікті тартылды. Сонымен бірге, қоғамдық бақылау жасап, орын алған келеңсіздіктердің жолын кескені белгілі болды. 

«Антикор еріктілері» шамамен 200 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалудың алдын алды. Оның ішінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий жылу, су арнасы» МКК 2023 жылға арналған сатып алу жоспарында 247,6 млн. теңгеге 1 дана «Үш сорапты станция» сатып алу жоспарлаған. Алайда, жоғарыда көрсетілген тауардың нарықтағы құны 1 дана үшін 45-50 млн. теңгені құрайтыны анықталды, - деп жазылған департамент таратқан ақпаратта. 

Соның нәтижесінде, тауардың құны 49 млн. теңгеге дейін төмендетілгені белгілі болып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға