Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала жансақтау бөлімінде жатыр
10.06.2023 18:17
Фото:
©El.kz/Марат АМИРОВ
Бүгін Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен 4 жасар бала құлап, балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Зардап шеккен бала қазір ес-түссіз жансақтау бөлімінде жатыр.
Бала жансақтау бөлімінде жатыр, тыныс алу аппаратына қосылды. Жағдайы - өте ауыр, терісі - бозғылт. Науқас ес-түссіз комада жатыр. Қажетті тексерулер жүргізілді. Әрі қарай ем қабылдайды, - деді облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Сәния Жүсіповна.
Оқыс оқиға бүгін сағат 13:00 шамасында 6 шағынаудандағы №24 үйде болды. Куәгерлердің айтуынша, бесінші қабаттағы пәтерде үш бала ата-анасыз қалған. \
Ойын баласының бірі ашық терезеден құлап кеткен. Ал қалған балаларды полиция өздерімен бірге алып кеткен.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

