Ақтауда көліктен шыққан өрттен жүргізушінің қолын күйік шалды
04.03.2024 22:47
Фото:
Маңғыстау облыстық ТЖД
Ақтауда көлік өртеніп, оқиға кезінде 42 жастағы жүргізушісінің қолы күйіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыстан болған жағдай кезінде "Opel" көлігінен өрт шыққан.
4 наурыз күні сағат 16:35-те Ақтау қаласының 23-ші шағын ауданында 1994 жылы шыққан "Opel" маркалы автокөлігі жанды. Нәтижесінде 1982 жылы туған жүргізушісінің оң қолының 5-6 пайыз бөлігі күйген. Өрт 16:45-те сөндіріліп, оқиға орнына жеке құрамның 6 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды, - деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

