Жаңалықтар

Ақтауда іздеудегі сотталған адам табылды

Ақтауда іздеудегі сотталған адам табылды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 19.09.2023 06:27 819

Іздеуде болған Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД  қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеуші Б. Е. Ізбергенов табылды. Ақтау қаласының аумағындағы жеке кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеп жүрген ол колонияға белгіленген уақытта келмей қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.   

ҚАЖД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сотталғанды тауып,  колонияға қайтарған. 

Сотталған Б. Е. Ізбергенов 1982 жылы туған.  Оны 2018 жылы қыркүйек айында Мұнайлы аудандық соты ҚР ҚК 124, яғни «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы  бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған.  2023 жылдың маусым айына дейін Атырау облысы бойынша ҚАЖД жалпы режимдегі колониясында жазасын өтеген. Содан кейін  Атырау қаласы сотының қаулысымен Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД  қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне ауыстырылған. 

Айта кетейік Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеушілер егер қажет болса әкімшіліктің рұқсатымен мекемеге іргелес аумақтың  шегінде қадағалаусыз жүруге құқылы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға