Ақтауда игі істер марафоны аясында “Таза өлке” сенбілік шарасы өтті
14.07.2024 23:47
Фото:
mangystaumedia.kz
Маңғыстау облысында «Игі істер марафоны» аясында «Экология» апталығы жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Таза өлке» сенбілігі өтті. Шараның мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалық жұмыстарын жасап, қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға шақыру.
Тазалық маусымы Қарақия ауданы Құрық ауылы теңіз жағалауында өтті. 120-ға жуық жас сенбілікке қатысты және 4 техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында 75 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, «Игі істер марафоны» ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің тапсырысы негізінде орындалып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

