Ақтауда Әзербайжан халқының ұлт көшбасшысы, Әзірбайжанның Республикасының үшінші президенті Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Аталған іс-шараға Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығының басшысы Эльчин Маммадов пен Ақтаудағы әзірбайжан диаспорасы және зиялы қауым өкілдері қатысты.
-Әрбір халықтың, елдің, этностың және бүкіл адамзаттың тарихында құрметті орын алатын тұлғалары бар. Олар өткеннің беттерінде өшпес із қалдырған бірегей тұлғалар. Осындай тұлғалардың бірі - Гейдар Әлиев. Гейдар Әлиев Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан тұлға, - деді өңір басшысы.
Кешті Әзербайжан Республикасының Халық әртісі Натиг Ширинов бастаған "Натиг" ритм-тобы мен әзірбайжандық «Мирвари» би тобы ашып, концертте сондай-ақ, «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі, «Жорға» би ансамблі, Әзірбайжанның еңбек сіңірген әртісі Шахрияр Иманов өнер көрсетті.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында 7 мыңға жуық әзірбайжан этносының өкілдері бар. Олар өңірімізді мекен еткен өзге де этнос өкілдерімен ауызбіршілік пен достық қарым-қатынаста. «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшесі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шетелдегі түріктер үшін президент сайлауында дауыс беру басталды