Ақтауда елді 90 миллион теңге шығынға батырған күдікті ұсталды
10.01.2025 21:18
Фото:
©El.kz/Арман МУХАТОВ
Ақтау тұрғындарына 90 миллион теңгеден астам шығын келтірген ірі интернет-алаяқтық ісі бойынша Алматы қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті осы жылдың қазан айында банк шоттарын алаяқтардың пайдалануы үшін ұсынған. Осы арқылы ол заңсыз әрекеттерге көмектесіп, ауыр қылмыстың жасалуына көмектескен.
Алаяқтардың әрекеті Ақтау тұрғындарына елеулі материалдық зиян тигізген.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдікті тергеу сотының шешімімен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

