11-12 қазан күндері аралығында Ақтауда ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия ашық кубогы өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Otpannews.kz-тің жазуынша, дәстүрлі турнир Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген. Биылғы сынға Әзірбайжан, Беларусь, Гонконг, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан және Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасынан 200-ден астам татами шебері қатысады деп күтіліп отыр.
Азия кубогы Халықаралық дзюдо федерациясының ережелеріне сәйкес өтіп, рейтингтік ұпай үлестіріледі. Жүлде алған спортшылар арасында I орынға - 100, II орынға – 70, III орынға 50 ұпайдан беріледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

