видеодан алынған кадр

Ақтауда балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан ер адам ұсталды

23.04.2024 09:45

Маңғыстау облысының Полиция департаменті Ақтауда тұрғын үй кешеннің бірінде балаларының көзінше әйелін ұрған ер адам ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.

Ведомство күдіктінің полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген хабарламада.

Еске салайық, Ақтауда ер адамның ерсі әрекеті көпқабатты үйдің дәлізінде орнатылған камераға түсіп қалған еді. Кадрлардан ер адам әйелдің қолын бұрап, аузын жауып тұрғанын көруге болады.