Ақтауда «Айбын – 2024» әскери-патриоттық жиыны өтті
Оқушылар сарайында дәстүрлі «Айбын-2024» облыстық әскери-патриоттық жиыны өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Іс-шараны Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастырды.
Жарысқа аудан, қалалардан 7 командадан барлығы 105-ке жуық жас қатысты. Жарыс бағдарламасына сәйкес қатысушылар серіппелі пневматикалық винтовкадан ату, күш жаттығулары, уақытқа газ маскасын кию, АК-74 автоматын бөлшектеу және құрастыру, арқан тарту, сондай-ақ әскерилендірілген эстафеталық жарысты орындады.
«Айбын-2024» облыстық әскери-патриоттық жастар слетінің қорытындысы бойынша 1-орын Ақтау қаласының «Ақтау» командасына бұйырды. Екінші орынды Жаңаөзен қаласының «Қайсар» командасы, үшінші орынды Қарақиян ауданының «Жас қыран» командасы иеленді.