Ақтауда асқазанына екі келі есірткі жасырған шетелдіктер ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК
Фото: ҚР ҰҚК
08.02.2024 16:24
1322
Ұлттық қауіпсіздік комитеті асқазанына 295 контейнер есірткі салған шетелдіктерді ұстады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ақтау қаласының халықаралық әуежайында екі шетелдіктің іш қуысында рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті. Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды.
Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг-дан асады. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астана мен Ақтөбеде әуе рейстері тоқтатылды
Келесі жаңалық
Ақмолада жеке тұрғын үй өртенді