Ақтауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандайды
30.09.2025 21:13
Фото:
otpannews.kz
25 қыркүйек пен 25 қазан аралығында республика бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр. Акцияға Ақтау қаласындағы ірі сауда желілері қатысады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Акцияда сауда желілерінде арнайы «Береке Fest» аймақтары ұйымдастырылып, отандық тауарлар нарықтық бағадан 5-10% жеңілдікпен сатылады. Акциялық ұсыныстардың ассортименті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қамтиды.
«Береке Fest» акциясының мақсаты – отандық өнімдерді ілгерілету, сауда желілері мен жергілікті жеткізушілер арасындағы тұрақты кооперацияны дамыту. Сонымен қатар, акция ішкі сұранысты ынталандыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді, - дейді Сауда комитетінің өкілдері.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

