Ақтауда 65 млн теңгеге жөнделген ескерткіш қирап жатыр
Фото: lada.kz
Фото: lada.kz
26.02.2024 09:53
900
Ақтау қаласындағы Тобанияз Әлниязұлының ескерткішінің тұғыры қирап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғындары тұғырдағы кейбір қаптама тақтайшалар сынған және қалпына келтіруді қажет ететінін айтады.
Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қазір қаланы абаттандыру нысандарын күтіп ұстауға қатысатын мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын хабарлады. Мердігер анықталған соң қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу сайтының мәліметінше 12-шағын аудандағы саябаққа орнатылған ескерткішті жаңартуға 65 313 642 теңге жұмсалған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өзбекстандықтар Джо Байденді сотқа берді