Ақтауда 10 ай ішінде жиырмадан астам көлік отқа оранды
11.11.2023 23:51
Фото:
© Pixabay.com
Ақтауда жыл басынан бері 23 автокөлік жанып кеетіп, олардың отқа орануы төтенше жағдайлар саласы мамандарын алаңдатып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақпараттың жазуынша, Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары полиция қызметкерлерімен бірге қала көшелеріне шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жыл басынан бері 23 көлік өртенді. Осыған орай көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертіп жатырмыз. Көлікке отырмас бұрын, алдын ала жай-күйін тексерсе екен дейміз. Көліктің техникалық ақауларын анықтап, тоқ-сымдары тұйықталып қалған жағдайда машинада өрт сөндіру құралдарының болуы керектігін айтып жатырмыз, - деді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Қайсар Нұрманов.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

