Жаңалықтар

Ақтау тұрғыны әйелімен жанжалдасып, 10 тәулікке қамалды

Ақтау тұрғыны әйелімен жанжалдасып, 10 тәулікке қамалды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 02.05.2024 09:06 434

Маңғыстау облысында әйеліне күш көрсеткен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түпқараған аудандық сотында әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша Е. есімді азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық (Физикалық ауырлық келтіре отырып ұрып-соғу немесе күш көрсету, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келмеген) туралы іс қаралды.

Сотта Саин Шапағатов ауылының тұрғыны әйелімен жанжал кезінде оны қорлап, бір қолымен мойнынан ұстап тұрғаны, яғни күш көрсеткені, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмегені анықталды, – деп атап өтті Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот ер адамды әкімшілік жауапқа тартып, 10 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға