Жаңалықтар

Ақтау - Мұнайлы тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам тірідей жанып кетті

Ақтау - Мұнайлы тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам тірідей жанып кетті
Фото: видеодан алынған кадр 09.09.2024 15:00 299

Ақтау – Мұнайлы тасжолында болған жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, оқиға 8 қыркүйекте  болған.

Сағат 15:35-те 112 кезекшінің пультіне ЖКО туралы хабарлама келіп түсті. Тасжолда Mitsubishi Montero жеңіл автокөлігі мен Камаз бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көлік толығымен өртеніп кеткен. Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері 16:19-да өртті сөндірді, - деп хабарлады министрлік.

Mitsubishi көлігіндегі өртті сөндіргеннен кейін үш адамның күйген денесі табылды. Екінші көлікте қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы әлі хабарланған жоқ.

Оқиға орнына жеті адам және екі арнайы техника шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға