Жаңалықтар

Ақтау мен Жаңаөзен арасындағы жан түршігерлік жол апаты болды

Ақтау мен Жаңаөзен арасындағы жан түршігерлік жол апаты болды
Фото: mangystaumedia.kz 22.06.2024 09:07 723

Жаңаөзен-Ақтау арасындағы тасжолда жол апаты болып, адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай Жаңаөзен қаласына таяу маңдағы жолдың ұшақ қонатын аумағында тіркелген.

Әлеуметтік желіде жария болған суреттерде оқиға кезінде  Lexus GS300 көлігінің жол ортасын бөліп тұрған темір жиекке қатты жылдамдықпен соғылғанын аңғаруға болады. Сонымен бірге, көлікте болған екі адамның қозғалыссыз жатқаны анық байқалады. 

Әзірге аталған оқиғаға қатысты облыстық ПД ақпарат таратпады. Мangystaumedia.kz сайты оқыс жайдайға қатысты қосымша хабарлайтын болады.

МО полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу дерегібойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, - деп жазылған ақпаратта. 

Полицейлер жүргізушілерді жол ережесін сақтап, жолда абай болуға шақырып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға