Жаңалықтар

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қара жәшіктер Бразилияға жіберілді

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қара жәшіктер Бразилияға жіберілді
Фото: t.me/kolikpress 30.12.2024 19:14 388

Қазақстан борттық өздігінен жазғыштарды Бразилияға жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Авиациялық оқиғаны тергеу комиссиясы Бразилияға ұшып кетті.

Борттық өздігінен жазғыштар Бразилияның авиациялық апаттарды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жеткізіледі, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет борттық өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және  Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болып табылады.

CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға